АҚШ Иранмен бұрынғы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайта оралуға дайын екенін білдірді.
Еуразия Тудейдің Al-Jazeera басылымына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, АҚШ келісімшартқа бірнеше азғантай түзету енгізілген жағдайда Иранмен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралуға дайын екенін мәлімдеді.
23 шілде күні Вашингтон Тегеранға АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі ядролық келісімге кішігірім түзету енгізілген жағдайда тез арада ядролық келісімге қайта оралу туралы келіссөз жүргізуге дайын екенін хабарлады.
Басылымда нақты қандай түзету енгізу керектігі туралы егжей-тегжейлі айтылмаған.
Дегенмен деректерге сүйенсек, Джо Байден президенттік мерзімі аяқталғанға дейін түзету енгізілсе келісімге қол қоюға дайын.
Иранның діни жетекшісі Әли Хаменеи мен Ислам Республикасының жаңа сайланған президенті Масуд Пезешкианға Джо Байден әкімшілігінің бұл ұсынысы жеткізілді. Жауап 30 шілдеде өтетін Пезешкианның инаугурация рәсімінен кейін беріледі деп күтілуде.



















