Трамп әкімшілігі қысым көрсету арқылы Иранның атом қуаты ұйымының басшысын бүгін өтуі тиіс Агенттіктің бас конференциясында сөз сөйлеуіне тосқауыл жасады.
Еуразия Тудей ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша америкалық Bloomberg басылымы бүгін Австрияның Иранның ядролық мәселелер жөніндегі вице-президенті әрі Атом Қуаты ұйымының басшысы Мұхаммед Исламидің БҰҰ-ның Атом Қуаты жөніндегі халықаралық агенттігінің (АҚХА) бас конференциясына қатысу және сөз сөйлеу үшін бұл елге кіруіне тыйым салғанын хабарлады.
Осы мәліметке сәйкес, Ислами бүгін, дүйсенбі күні БҰҰ-ның ядролық қадағалау органының отырысында сөз сөйлеуі тиіс болған.
Мұның алдында оның АҚХА-ның 70-ші бас конференциясына қатысу үшін Теһраннан Венаға аттанғаны хабарланған болатын.
Bloomberg мәліметінше, Австрия үкіметінің өкілі бұл мәселе бойынша түсінік беруді өз елінің Сыртқы істер министрлігіне сілтеді, ал Сыртқы істер министрлігі пікір білдіру туралы өтінішке жауап бермеді.
Есепте Иран өкілінің Венаға кіруін қамтамасыз ету үшін БҰҰ-ның санкциялық режимнен босату туралы сұранысы АҚШ-тың қысымымен қабылданмай қалғаннан кейін, Исламиге Австрияға кіруге тыйым салынғаны айтылған.
Хабарламада айтылғандай, Исламидің бұл конференцияның басында сөз сөйлеуіне рұқсат берілмеген соң, осы аптаның соңында Иранның төмен дәрежедегі өкілі сол отырыста баяндама жасауы мүмкін.
Қыркүйектің 9, сәрсенбі күні АҚХA Басқарушылар кеңесінде Иранға қарсы қарар қабылданғаннан кейін Иранның Сыртқы істер министрлігі АҚХA-ны саяси қысым көрсетуге жағдай жасау және Иранға қарсы әскери агрессияны ақтау үшін құрал ретінде пайдалану тек агенттіктің немесе оның бас директорының беделіне нұқсан келтірумен шектеліп қоймайтынын, керісінше Агенттіктің ең құнды активі – бейтарап және тәуелсіз құрылым ретіндегі беделін жоятынын ескертті.
















