АҚШ пен Еуроүштіктің АҚХА Басқарушылар кеңесінің отырысында Иранның ядролық бағдарламасына қатысты қарар ұсынуды жоспарлап отырған жобасы оң нәтиже бермейді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, мұндай пікірді Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Ресей Федерациясының тұрақты өкілі Михаил Ульянов мәлімдеді.
Михаил Ульянов Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында: “Ертең АҚХА Басқарушылар кеңесінің маусым айындағы сессиясы басталады. Біз сессия барысында Иранның ядролық бағдарламасы төңірегінде қызу пікірталас болады деп ойлаймыз. АҚШ пен Еуроүштік (Франция, Германия, Ұлыбритания) осы мәселе бойынша қарар жобасын ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл оң нәтиже бермейтіні сөзсіз”, — деп жазды.
АҚХА штаб-пәтерінде Басқарушылар кеңесінің маусым айындағы сессиясы 9-13 маусым аралығында өтеді.
















