Америка Құрама Штаттары мен Израильдің көпірлер сияқты азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасаған шабуылдары ирандықтарды берілуге мәжбүрлей алмайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи мәлімдеді.
Аббас Арақчидің айтуы бойынша, басқыншылардың шабуылдары ирандықтарды берілуге емес мәжбүрлемейді, керісінше Вашингтонның беделіне нұқсан келтіреді.
Иран Сыртқы істер министрі X әлеуметтік желісіндегі парақшасында: “Азаматтық нысандарға, соның ішінде салынып бітпеген көпірлерге жасалған шабуылдар ирандықтарды берілуге мәжбүрлей алмайды”,- деп жазды.
Арақчи ғимараттар мен көпірлердің қайта қалпына келтірілетінін баса айтып: “Бірақ ешқашан қалпына келмейтін нәрсе — Америка Құрама Штаттарының беделіне келген зиян”,- деді.



















