Америка Құрама Штаттары пен Қытай арасындағы сауда келіссөздерінің төртінші кезеңі Мадридте өтеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Америка Құрама Штаттарының Қаржы министрі Скотт Бессент Мадридте Қытай Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Хэ Лифэнмен кездеседі.
Америка Құрама Штаттарының Қаржы министрі Скотт Бессент кеше, жұма, 12 қыркүйек күні Испанияға барды. Ол 18 қыркүйекке дейін сонда болып, кейін Ұлыбританияға аттанады.
Скотт Бессент Испанияда Бейжіңнің бас келіссөзшісі Хэ Лифэнмен кездеседі деп күтілуде. Алайда Вашингтон кездесудің нақты күнін айтпады. Сонымен қатар, Қытай тарапы да Мадридтегі кездесуді ресми түрде растаған жоқ.
Бұл келіссөз сауда шиеленісін жұмсартуға бағытталған екіжақты келіссөздердің төртінші кезеңі болмақ. Мұның алдында келіссөздер Женевада, Лондонда және Стокгольмде өтті.
Тараптар Мадридте өтетін төртінші кезеңде сауда және ұлттық қауіпсіздік мәселелерін, сондай-ақ танымал TikTok әлеуметтік желісін және ақшаны жылыстатуға қарсы жаңа бірлескен бастамаларды талқылайды.



















