АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Тэмми Брюс АҚШ пен Ресей делегациялары 10 сәуірде екінші рет Ыстамбұлда кездесетінін хабарлады.
Еуразия Тудейдің Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Тэмми Брюс брифингте сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Брюс: “АҚШ пен Ресей делегациялары 10 сәуірде Ыстамбұл қаласында екіжақты миссияларымыздың жұмысын одан әрі тұрақтандыру бойынша ілгерілеушілікке қол жеткізу мақсатында екінші рет кездеседі”, — деді.
Оның айтуынша, келіссөз күн тәртібінде ешқандай саяси немесе қауіпсіздік мәселелері жоқ. Брюс бұл кездесуде Украина мәселесі мүлде көтерілмейтінін айтты.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы: “Бұл келіссөздер тек біздің елшілік жұмысымызды қалыпқа келтіруге бағытталған. Екіжақты қарым-қатынасты қалыпқа келтіру мәселесін талқылау Ресей мен Украина арасында бейбітшілік орнағаннан кейін мүмкін”, — деді.
Ресей президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 10 сәуірде Ыстамбұлда АҚШ пен Ресей делегацияларының келіссөзі өтетінін растады.


















