АҚШ-та Президент Дональд Трамптың саясатына қарсы жаппай наразылық шерулері алтыншы күн қатарынан жалғасты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, АҚШ полициясы жұма күні АҚШ Президенті Дональд Трамптың мигранттарды депортациялау шешіміне қарсы шеру кезіндегі қақтығыста 17 жастағы жасөспірімнің пышақталғанын, оның жағдайы ауыр деп бағаланғанын хабарлады.
Los Angeles Times басылымы АҚШ полициясының өкіліне сілтеме жасап: “Лос-Анджелес полиция департаментіне АҚШ-та жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 01:35 шамасында шеру кезінде орын алған қақтығыста жасөспірімге пышақпен шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті”,- деп жазды.
Полицияның хабарлауынша, жарақат алған адамды ауруханаға жеткізген. Полицияға шеруді тарату туралы бұйрық берілген.
Лос-Анджелес полициясының өкілі шеру кезіндегі қақтығысқа байланысты бірнеше адамның қамауға алынғанын және жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 02:12-де Лос-Анджелес муниципалды басқарма жанындағы Спринг көшесіндегі наразылық шерушілерінің тарқатылғанын айтты.
Жұма күні Лос-Анджелес қаласының орталығында алтыншы күн қатарынан Трамптың мигранттарды депортациялау шешіміне қарсы шеру өтті. Шеруге мектептегі сабақтарын тастап жүздеген оқушы да қатысты.



















