АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қастандық жасалды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Дональд Трампқа жасалған қастандық туралы мәліметті оның Пенсильвания штатында сөйлеп тұрған сәтін түсіріп тұрған жергілікті телеарналар таратты.
Дональд Трампқа Пенсильвания штатында жақтастары алдында сөйлеп тұрған кезде оқ атты. Трамп ауыр жарақат алмаған, тек құлағынан жараланған. Осылайша оның Батлер қаласындағы жақтастары алдында сөйлеген сөзі небәрі бірнеше минутқа созылды.
Трамптың баспасөз хатшысы Стивен Чунның айтуы бойынша, саясаткер Пенсильваниядағы ауруханада медициналық тексеруден өткен. Кейін Трампты Пенсильванияның 20 жастағы тұрғыны Томас Мэттью Крукстың атқаны белгілі болды. АҚШ Федералдық тергеу бюросының мәліметінше, қазіргі таңда Крукстың бұл әрекетінің себебін анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дональд Трамп оқиғадан кейін өзі құрған Truth Social әлеуметтік желісінде мәлімдеме жасап, барлау қызметіне жедел әрекет еткені үшін алғыс айтты.




















