АҚШ Мемлекеттік департаменті Энтони Блинкеннің сейсенбі күні Газа секторы бойынша келіссөз жүргізу мақсатында Мысырға баратынын хабарлады.
Еуразия Тудейдің Al Jazeera телеарнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы Мемлекеттік департамент өкілінің орынбасары Ведант Пател кеше, жексенбі күні мәлімдеді.
Ведант Пателдің айтуы бойынша, қазіргі таңда ресми сапармен Израильде жүрген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Блинкен тамыздың 20 күні Мысыр басшыларымен кездесіп, Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату туралы келіссөздерді талқылайды.
Энтони Блинкен бүгін, тамыздың 19 күні Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен, Қорғаныс министрі Йоав Галантпен және ел президенті Ицхак Герцогпен кездеседі.
Қатар, Мысыр және АҚШ жұма күні Газа секторында атысты тоқтату туралы келіссөздерге арағайын ретінде Қатар астанасында атысты тоқтату туралы келіссөздердің аяқталғанын мәлімдеді. Мәлімдемеде үш елдің жоғары лауазымды шенеуніктерінің келіссөздерге белсенді қатысқаны, келіссөздердің байсалды және сындарлы жағдайда жүргізілгені айтылған. АҚШ бүгін ХАМАС пен Израиль арасындағы қақтығыстардың азаюына жеткізуі мүмкін тағы бір ұсыныс жасады. Бұл ұсыныс Доха мен Каир қолдаған Джо Байденнің 2024 жылдың 31 мамырындағы ұсынысы мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2735 қарарына негізделген. Мәлімдемеге сәйкес, делдал үш елдің жоғары лауазымды басшылары жаңа ұсынысқа қатысты осы аптаның соңында Каир қаласында кездесу өткізеді.


















