АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі қазақстандықтарға виза талаптарын және АҚШ аумағында болу мерзімін сақтау керек екенін ескертті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі екертуді Instagram-дағы аккаунтында жариялады:
«АҚШ визасын алғысы келетіндер мен визасы бар тұлғаларға ескерту:
Виза талаптарын және АҚШ аумағында болу мерзімін сақтаңыздар. I-94 картасында көрсетілген мерзімнен артық қалу визаның күшін жоюға, мәжбүрлі түрде елден шығару шараларына және болашақта виза рәсімдей алмауға әкеледі. Белгіленген мерзімнен артық жүру АҚШ-та саяхаттау, білім алу және еңбек ету мүмкіндігінен біржола айыруы мүмкін».
Айта кетейік, 2025 жылғы 25 қаңтарда ҚР АҚШ-тағы Елшілігі де Америка Құрама Штаттары шекара қауіпсіздігін нығайту және заңсыз миграцияны азайту мақсатында миграциялық саясатын барынша қатаңдатқанына назар аудартты.
















