Қыркүйек айында Ақтау порты арқылы Иранға 140 мың тонна астық экспортталды.
Еуразия Тудейдің ҚР АШМ Баспасөз орталығына сілтеме жасап хабарлауы бойынша ҚР «Қазақстан темір жолы» желісі арқылы Орталық Азия елдеріне 457 мың тонна астық, Қытайға 187 мың тонна, Ақтау порты арқылы Иранға 140 мың тонна астық экспортталды.
Осы мәліметке сәйкес, қыркүйек айында аталған жол арқылы жалпы алғанда 1 млн тоннадан астам жаңа астық, оның 867 мың тоннасы экспортқа тасымалданды.
Қазан айында 1,3 млн тонна астық тасымалдау жоспарлануда.
Жалпы, ағымдағы жылдың 9 айында 6,6 млн тонна астық тасымалданды, оның ішінде 5 млн тоннасы экспортталды.
Тасымалдауды және өзара іс-қимылды талқылау үшін компания өкілдері өңірлерде фермерлермен, астық нарығына қатысушылармен, элеваторлардың иелерімен кездесулер өткізді.
















