Араб елдері лигасы Израильдің Ливанға қарсы шабуылын тоқтатуға және соғыс салдарынан зардап шеккен аймаққа гуманитарлық көмек көрсетуге шақырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Ирактың бастамасымен Каирде өткен Араб елдері лигасы елдері тұрақты өкілдерінің шұғыл жиналысының қорытындысы бойынша жасалған мәлімдемеде айтылды.
Араб елдері лигасы елдері тұрақты өкілдерінің төтенше жиналысы Ливан мен Израиль шекарасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты өткізілді.
Жиналыс қорытындысы бойынша жасалған мәлімдемеде Израильдің әрекеттері қатаң айыпталып, зорлық-зомбылықтың күшеюуіне алаңдаушылық білдірілді.
Араб елдері лигасының мәлімдемесінде: «Ливан аумағына шабуылдарды жалғастыру ауыр зардаптарға әкелуі және аймақтағы жағдайды тұрақсыздандыруы мүмкін», -деп жазылған.
Сонымен қатар, Араб елдері лигасының өкілдері халықаралық қауымдастықты Израильді әрекеттері үшін жауап беруге және басқыншылықты тоқтатуға шақыруға үндеді.
Араб елдері лигасы қақтығыс аймағында бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жедел гуманитарлық көмек көрсету қажеттігін баса айтты. Лига аймақта зорлық-зомбылықтың одан әрі күшеюі бүкіл аймақ үшін апатты салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертіп, әскери қимылдарды дереу тоқтатуды талап етті.
Араб елдері лигасы Ливан егемендігіне төнген қауіпті барлық араб елдерінің жалпы қауіпсіздігіне қол сұғу деп атап, тиісті шара қабылданатынын мәлімдеді.














