Араб-Ислам саммитін ұйымдастыруға жауапты комитет өз жұмысын бастады. Бұл комитеттің міндетіне Газадағы атысты тоқтату жөніндегі шараларды дайындау кіреді.
Сауд Арабиясының СІМ басшысы Фейсал ибн Фархан әл Сауд Араб-Ислам мәліметінше, аталмыш комитеттің жұмысы басталды.
Араб және ислам елдерінің СІМ басшылары 20 қарашада Қытайға Газадағы атысты тоқтату және зардап шеккендерге көмек көрсету мәселесін талқылау үшін барады.
Бұған дейін Эр-Риядта өткен араб және ислам елдерінің саммитінде Газа секторындағы атысты тоқтату туралы қарар қабылданған еді.
Резолюцияда Газа секторы Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Палестина аумақтарының ажырамас бөлігі болып табылатыны, қарулы қақтығыс үшін Израиль жауапқа тартылуы керек екені жазылған.
Еске сала кетсек, Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс 7 қазан күні таңертең шиеленісе түсті. Хамас Израиль аумағына мыңдаған зымыран атқылап, артынша жауынгерлерін жіберген. Израиль бұған жауап ретінде «Темір қылыштар» операциясын бастады.



















