Арабстан СІМ сионистік режимнің Газадағы әл-Моамадани ауруханасын нысанаға алып, жасаған жабайы шабуылын айыптады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жариялап, сионистік режимнің Газа секторындағы әл-Моамадани ауруханасын бомбалаған ауыр қылмысын айыптайтынын жариялады.
Осы мәлімдемеде: «Израильдің әл-Моамадани ауруханасына жасаған басқыншы шабуылы халықаралық заңдар мен әдет-ғұрыптарды өрескел бұзу саналады. Біз халықаралық қауымдастықтан Израильдің Газа секторындағы бейбіт тұрғындарға үздіксіз шабуылдарын тоқтату үшін әрекет етуді сұраймыз. Израильдің басқыншылығын жалғастыруына байланысты Газада денсаулық сақтау жүйесінің күйрейтінін ескертеміз», — деді.
Айта кетейік, Израиль режимінің әскери ұшақтары кеше, сәуірдің он үші күні Газа секторының әл-Моамадани ауруханасына шабуыл жасап, жедел жәрдем ғимаратына екі зымыранмен соққы берді. Соның салдарынан осы медициналық мекеменің қабылдау бөлімі, зертханасы мен дәріханасына қатты нұқсан келді.















