Жерсерік деректері Сауд Арабиясындағы Мединаның оңтүстігіндегі қалың қара түтінді көрсетті.
Спутниктік мәліметтерге әйкес, Арабстанның шығыс-батыс мұнай құбырына қатысты нысандардың бірінде ауқымды өрт шыққан.
Спутниктік деректер бұл аймақтағы өрт қарқындылығы бірнеше сағат бойы 70 мегаватт сәулелену қуаттылығынан асқанын көрсетеді. Сарапшылардың пікірінше, бұл көрсеткіш шикі мұнайдың айтарлықтай деңгейде ағып, жоғары қысыммен тұтанып кетуімен байланысты болуы мүмкін.
Сауд Арабиясының армиясы мен Йеменнің «Ансаралла» қозғалысы бұл туралы әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Алайда кейбір интернет қолданушылары Йемен тарапынан бұл стратегиялық мұнай құбырына зымыран шабуылы жасалу ықтималдығын жоғары санайды.
Айта кетейік, бұл мұнай құбыры Парсы шығанағы жағалауындағы Абқайқ аймағынан Қызыл теңіз жағалауындағы Янбу портына шикі мұнай тасымалдайды әрі Парсы шығанағы мен Ормұз бұғазының теңіз жолын айналып өту үшін Сауд Арабиясының маңызды мұнай тасымалдау бағыттарының бірі саналады.












