Eurasiatoday
Воскресенье, 22 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Иранмен соғыс АҚШ-тың зымыран қорын әлсіретті

  • Басты жаңалықтар, Батыс Азия, Саясат
  • 11 сентября, 2026 12:51

Loading

Иранмен соғыс АҚШ-тың зымыран қорын азайтып, қорғаныс өнеркәсібінің өндірістік мүмкіндіктеріне қатысты бірқатар маңызды мәселені ашып көрсетті.

Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, қазіргі таңда Вашингтон алдында жұмсалған қару-жарақ қорын қалпына келтіру және басқа ықтимал қақтығыстарға дайындықты қатар қамтамасыз ету міндеті тұр. Соғыс салдарын тек жасалған шабуылдар, атылған зымырандар немесе басып алынған аумақ арқылы бағалау жеткіліксіз. Себебі оның маңызды көрсеткіштерінің бірі – қақтығыстың әскери әлеуетке, экономикаға және тежеу қабілетіне түсіретін салмағы. Ал мұндай салдардың кейбірі соғыс аяқталғаннан кейін бірнеше ай немесе жыл өткен соң ғана байқалуы мүмкін.

Осы тұрғыдан алғанда, АҚШ-тың Иранмен соғыстан кейінгі зымыран қорына қатысты жағдайы ерекше назар аудартады.

Тақырыпқа орай:

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026

«Los Angeles Times» басылымының мәліметінше, АҚШ соғыс барысында «Patriot» және «THAAD» секілді заманауи әуе және зымыранға қарсы қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандардың едәуір бөлігін пайдаланған. Ал қолданыстағы өндіріс қарқыны сақталған жағдайда, қорды бұрынғы деңгейіне жеткізу бірнеше жылға созылуы ықтимал. Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының (CSIS) бағалауынша, соғыстың алғашқы бес айында АҚШ өзінің озық қорғаныс зымырандарының шамамен 60 пайызын жұмсаған, яғни ұйым деректеріне сәйкес, «Patriot» пен «THAAD» зымырандарының жаһандық қоры соғыс басталған кездегі шамамен 2,8 мың бірліктен шілде айының соңында 1,1 мыңға дейін азайған. Бұл көрсеткіштер АҚШ-тың қорғаныс өнеркәсібіндегі өндіріс қарқынымен салыстырғанда маңызды. Себебі соғысқа дейін америкалық зауыттар жылына шамамен 620 «Patriot» және 96 «THAAD» зымыранын ғана өндірген, ал мұндай көлем ұзаққа созылатын жоғары қарқынды қақтығыс кезінде жұмсалған қорды жедел толықтыруға жеткіліксіз.

Сарапшылардың бағалауынша, «Patriot» қорын соғысқа дейінгі деңгейге жеткізуге кемінде бірнеше жыл қажет етілсе, «THAAD» қорын қалпына келтіруге бұдан да ұзақ уақыт кетуі мүмкін.

Бұл тек АҚШ қарулы күштері үшін логистикалық мәселе емес, ол елдің тікелей стратегиялық тежеу қабілетіне тікелей әсер етеді. Вашингтон бір мезетте әлемнің бірнеше аймағындағы ықтимал қауіптерге дайын болуы тиіс. АҚШ Қытайды Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы басты ұзақ мерзімді бәсекелесі ретінде қарастырса, Еуропада Ресеймен ықтимал ауқымды қақтығыс әскери жоспарлаудың негізгі сценарийлерінің қатарында тұр. Мұндай жағдайда бір соғыста жұмсалған әрбір зымыран басқа дағдарыс кезінде жетіспеуі мүмкін. Сондықтан мәселе тек АҚШ-тың бірнеше мың жаңа зымыран шығаруында ғана емес, Иранмен болған қақтығыс елдің қорғаныс өнеркәсібі ұзаққа созылатын қарқынды соғыс кезінде қорын бұрынғыдай икемді түрде толықтыра алмайтынын көрсетті.

Сонымен қатар, шабуыл мен қорғаныс құнының арасында үлкен айырмашылық бар. Салыстырмалы түрде арзан дрон немесе зымырандарға қарсы өте қымбат қорғаныс жүйелердің қолданылуы ұзаққа созылған қақтығыста қорғанушы тараптың қару қорын тез сарқып тастайды.

Осы тұрғыдан алғанда, Иранмен соғыс АҚШ-қа әскери шығындардан бөлек стратегиялық тұрғыдан да қымбатқа түсуі ықтимал.

Вашингтон ұзақ жылдар бойы технологиялық басымдыққа, жоғары дәлдіктегі қаруға және зымыранға қарсы қорғаныс жүйелеріне сүйеніп келгенімен, қазіргі қақтығыстар қымбат қорғаныс жүйелеріне үздіксіз зымырандық және дрондық қысым жасалған жағдайда бұл артықшылықтың да белгілі бір шектеулері бар екенін көрсетті. Сонымен қатар АҚШ қару-жарақ өндірісін ұлғайту, жеткізу тізбегіндегі қысымды азайту және әлемнің басқа өңірлеріндегі әскерлерінің жауынгерлік әзірлігін тиісті деңгейде сақтау міндеттерімен бетпе-бет келіп отыр.

Сондықтан соғыстың аяқталуы шығындардың бірден тоқтайтынын білдірмейді. Өйткені жұмсалған зымыран қорын толықтыру, әскери техниканы жөндеу, қару-жарақты ауыстыру және жалпы әскери әлеуетті қайта қалпына келтіру бірнеше жылға созылуы мүмкін. Осыған орай Вашингтон үшін басты міндет  сарқылған қорды қайта жинау, қорғаныс өнеркәсібінің өндірістік қуатын арттыру және басқа да ықтимал дағдарыстарға қажетті дайындықты қатар қамтамасыз ету болып табылады.

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: АҚШЗымыран қорыиранқақтығыс
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026
Қытай Иранға қатысты біржақты санкцияларды дереу жоюға шақырды

Қытай Иранға қатысты біржақты санкцияларды дереу жоюға шақырды

19.11.2026
Иран мен Армения энергетикалық әріптестік пен шекарадағы жүк тасымалын арттырмақ

Иран мен Армения энергетикалық әріптестік пен шекарадағы жүк тасымалын арттырмақ

19.11.2026
Иран СІМ: Израиль медиасы Батыс қоғамын үрейлендіру үшін жалған ақпарат таратуда

Иран СІМ: Израиль медиасы Батыс қоғамын үрейлендіру үшін жалған ақпарат таратуда

17.11.2026
АҚШ-тағы ақау салдарынан 17 мыңнан астам әуе рейсі тоқтатылды

АҚШ-тағы ақау салдарынан 17 мыңнан астам әуе рейсі тоқтатылды

17.11.2026
Иран америкалық ұшқышсыз ұшу аппаратын қолға түсірді

Иран америкалық ұшқышсыз ұшу аппаратын қолға түсірді

17.11.2026
Иран мен Ауғанстан сауда-экономикалық әріптестікті нығайта түспек

Иран мен Ауғанстан сауда-экономикалық әріптестікті нығайта түспек

16.11.2026
Ормұз бұғазында екі мұнай танкері жарылып, өртке оранды

Ормұз бұғазында екі мұнай танкері жарылып, өртке оранды

14.11.2026

Басты жаңалықтар

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

21.11.2026
Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

20.11.2026
Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026
Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

20.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Иран АҚШ-тың авиация саласына енгізген санкцияларын экономикалық лаңкестік деп атады

Иран АҚШ-тың авиация саласына енгізген санкцияларын экономикалық лаңкестік деп атады

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.