Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Әл-Джазираға берген сұхбатында елін қорғауда ешқандай шектеу мен шекара танымайтындарын айтты.
Арақчи сұхбатында: “Біз Парсы шығанағындағы көршілерімізге шабуыл жасамаймыз, керісінше, АҚШ-тың осы елдердегі базаларын нысанаға алып отырмыз.
Революцияның Жоғарғы Көшбасшысының қастандықпен өлтірілуі кез келген қақтығысты шиеленістіріп, қауіпті етеді.
Иранның аймақтағы АҚШ әскери базаларына зымыран және дрон шабуылдарынан кейін америкалықтар өз базаларын эвакуациялауда.
Аймақтағы АҚШ әскери базаларына шабуылды бастауымыз олардың эвакуациялана бастауына себеп болды.
Біздің әскери бөлімшелеріміз қазіргі уақытта бұрын берілген жалпы нұсқаулар негізінде бір-бірінен тәуелсіз және бөлек әрекет етеуде”, — деді.
















