Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи елінің соғысқа да, келіссөзге де дайын екенін мәлімдеді.
Еразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Сыртқы істер министрі Арақчи бұл туралы бүгін бейсенбі күні Бейрут әуежайына келгенде журналистерге мәлімдеді.
Арақчи: «Америкалықтар келіссөз бен бұйрық берудің айырмашылығы бар екенін қабылдаған кез келген уақытта мағыналы келіссөз жүргізілуі мүмкін.
Бейрутке тағы сапармен келу мүмкіндігіне қуаныштымын. Бүгін және ертең Ливаның ресми тұлғаларымен кездесемін. Мақсатым — Ливан үкіметінің достарымен және ресми тұлғаларымен аймақтағы ағымдағы өзгерістер туралы кеңесу.
Біздің аймақ маңызды сынақтар мен қатерлерге бетпе-бет келіп отыр. Сионистік режим тарапынан аймаққа төніп тұрған қауіп-қатер бұрын-соңды дәл мұндай үлкен болмаған. Соңғы екі жылда жеті ел, соның ішінде Ливан мен Иран осы режимнің шабуылына ұшырады. Ливан топырағының бір бөлігі әлі де олардың сарбаздарының оккупациясында қалып отыр. Соңғы бір жылда атысты тоқтату режимі үнемі бұзылып, Израиль өз міндеттемелерін орындамады.
Менің сапарымның басты мақсаты — Президентпен, Премьер-министрмен, Парламент төрағасымен, Сыртқы істер министрімен және басқа да лауазымды тұлғалармен осы қауіптер мен сынақтар туралы тікелей кеңесу.
Ливан аймақта маңызды рөлге ие. Иран аймақтың барлық елімен кеңесіп жатыр. Менің сапарым осы кеңестерді өткізу үшін маңызды уақытта жүзеге асырылды.
Менің тағы бір мақсатым — Ливанмен екіжақты қарым-қатынасты ілгерілету. Екі ел арасында бұрыннан саяси, экономикалық және мәдени байланыс бар. Біз бұл қатынасты, әсіресе экономикалық байланысты кеңейтуді көздейміз. Иран бүкіл Ливан үкіметімен жан-жақты байланысты кеңейтуге талпыныс жасайды. Осы аяда Ливанның Экономика министрімен де кездесемін.
Иран мен Ливан арасындағы сауда байланысы былтыр 110 миллион доллардан асты. Бұл екі ел арасындағы байланыстың дамып келе жатқанын көрсетеді.
Иран Ливанның аумақтық тұтастығын, бірлігі мен тәуелсіздігін әрқашан қолдаған және қолдай береді, Ливан үкіметінің Иранға қатысты ұстанымы да әрқашан осындай болған. Біз өзара құрмет пен ортақ мүдделер негізінде қарым-қатынасты кеңейтуді көздейміз.
Иран Сыртқы істер министрі Иранға төнген қатерлер мен АҚШ-пен келіссөздер туралы сұраққа жауап беріп: «Америка мен Израиль Иранға шабуыл жасауды бір рет сынап көрді. Бұл істі әр қайталаған сайын соған ұқсас нәтиже алады. Біз кез келген жағдайға толық дайынбыз. Соғысты қаламаймыз, бірақ соғысқа да, келіссөзге де дайынбыз.
Келіссөздер өзара мүдде мен құрметке негізделуі тиіс. Америкалықтар келіссөз бен бұйрық берудің айырмашылығы бар екенін қабылдаған кезде ғана мағыналы келіссөз жүргізілуі мүмкін», — деп түйіндеді.
Арақчи Иран мен Ливанға төнген қатерлер туралы: «Айтқанымдай, біз бұл өте маңызды мәселе бойынша Ливан ресмилерімен тығыз кеңесетін боламыз», — деді.












