Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи уранды байыту мәселесінде ешкіммен әзілдеспейтіндерін баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Аббас Арақчи Ұлыбританияның лауазымы жоғары тұлғасының “уранды нөлдік байыту” туралы мәлімдемесіне жауап берген X әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтындағы хабарламасына түсініктеме берді. Иран СІМ басшысы егер Ұлыбританияның ұстанымы “уранды нөлдік байыту” болса, Иранның еуропалық елдермен ядролық бағдарламасын талқыламайтынын баса айтты.
Аббас Арақчи: “Менің ойымша, олар нақты шешім қабылдауы керек. Біз уран байыту мәселесінде ешкіммен әзілдеспейміз”, — деді.
Айта кетейік, Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи мұның алдында Аш-Шарқ телеарнасына берген сұхбатында уран байытуды принципті мәселе деп атап, оның ирандық ғалымдардың маңызды ғылыми жетістігі екенін айтты.
Арақчи елінің уран байыту бағдарламасына байланысты жылдар бойы санкцияға ұшырап, бағдарламаға қатысқан ғалымдары да құрбан болғанын баса айтты.
















