Иран Сыртқы істер министрі Сейіт Аббас Арақчи БРИКС-ке мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысу үшін Делиге сапар шегеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бақайи «India Today Global» басылымына берген сұхбатында мәлімдеп: «Аббас Арақчи БРИКС Сыртқы істер министрлерінің маңызды отырысына қатысуды жоспарлап отыр. Иран мен Үндістан — БРИКС пен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер. Біз осы екі ұйым аясында да өзара іс-қимыл мен үйлестірудің жоғары деңгейіне иеміз.
Бұл кездесу біз үшін өте маңызды. Біз осы шараға қатысатын басқа министрлермен, соның ішінде дос ел саналатын Үндістанның Сыртқы істер министрімен екіжақты кездесу өткізуді асыға күтеміз», — деді.
Айта кетейік, Иран Сыртқы істер министрі Арақчи сапар барысында бейсенбі және жұма күндері (24 және 25 мамыр) Үндістанның төрағалығымен өтетін БРИКС министрлер отырысына қатысады. Аймақтық тұрақтылық, көпжақты ынтымақтастық және экономикалық тұрақтылыққа бағытталған бұл жиында ол Үндістанның Сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкармен және отырысқа қатысушы басқа да министрлермен, ресми тұлғалармен келіссөз жүргізіп, пікір алмасады.















