Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи ел дипломатиясының негізгі қағидаттарын атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Аббас Арақчи Иранның сыртқы саясаты ақыл-парасатқа, қадір-қасиетке және ұлттық мүдделерді қорғауға негізделгенін баса айтты.
Арақчидің айтуынша, Иран дипломатиясы әрқашан ақылға қонымдылық, абырой және ұлттық мүдделерді қорғау қағидаттарына сүйеніп келді, әрі бұл негіздер ең күрделі жағдайда да сақталды.
Иран Сыртқы істер министрі: “Иран дипломатиясының терезесі ең аласапыран күндердің өзінде ашық күйінде қалады. Кейбіреулер дипломатияны саудамен шатастыратын заманда Иран келіссөздерді әлсіздіктің белгісі емес, ақыл-ой үстемдігінің көрінісі екенін дәлелдеп отыр. Иранның тәжірибесі абсолютті дағдарыстардың болмайтынын, кез келген келіссөзде диалогтың күші мен өзара түсіністік логикасына деген сенімнің маңызды рөл атқаратынын көрсетті”, — деді.
Арақчи сөзінің соңында, келіссөздерді қадір-қасиетпен, даналықпен және мақсатқа сай жүргізу елдің Жоғарғы көшбасшысы белгілеген стратегия екенін қуаттап, елінің дипломатиядан бас тартып, қауіп-қатер мен шабуылға жүгінетін басқыншылармен ешқашан келіссөз жүргізбейтінін баса айтты.

















