Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Иран Ислам Респбуликасының Шарм әш-Шейхте өтетін саммитке қатыспайтынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Аббас Арақчи Иран халқына шабуылдап, қоқан-лоққы жасап, санкция салған адамдармен ынтымақтастық жасай алмайтынын мәлімдеді.
Иран СІМ Сейед Аббас Арақчи бұл туралы Х платформасында жазды: «Иран Мысыр Президенті Әс-Сисиге Шарм әш-Шейх қаласында өтетін саммитке шақырғаны үшін алғыс айтады. Дипломатиялық ынтымақтастықты жақтағанымызға қарамастан, Президент Пезешкиан да, мен де Иран халқына шабуылдап, бізге қоқан-лоққы жасаған, санкция салған адамдармен әрекеттесе алмаймыз. Дегенмен біз Изральдің Газадағы геноцидін тоқтататын, басқыншы күштерді шығаруға ұластыратын барлық бастаманы құптаймыз. Палестиналықтар өз тағдырларын анықтайтын негізгі құқықтарына қол жеткізуге толық құқылы. Барлық мемлекет оларға осы заңды талаптарын қолдауда көмектесуге міндетті.
Иран әрқашан аймақтағы бейбітшілікті қамтамасыз ететін негізгі күш болды және бола береді. Израильдің геноцидтік режимінен айырмашылығы, Иран бітпейтін соғысты емес, керісінше тұрақты бейбітшілікті, өркендеу және ынтымақтастықты көздейді», — деді.
Айта кетейік, Газада қол жеткізілген атысты тоқтату келісіміне арналып, бүгін қазанның 13-і күні Мысырдың Шарм әш-Шейх қаласында өтетін «Бейбітшілік саммитіне» 20 мемлекет қатысады.












