Иран СІМ басшысы Аббас Арақчи елінің аймақтағы шиеленіс пен соғысты күшейтуді көздемейтінін, алайда соғыстан қорықпайтынын және Израильдің кез келген жаңа қылмыстары мен қауіпті әрекеттеріне нақты әрі лайықты түрде жауап беретінін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Мысыр Сыртқы істер министрі Бадр Абдел Атымен телефон арқылы сұхбатта мәлімдеді.
Кеше, қазанның 7 күні Аббас Арақчи мысырлық әріптесімен телефон арқылы сөйлесіп, аймақта болып жатқан оқиғаларды талқылады.
Тараптар әңгіме барысында Израильдің Ливан мен Газа секторына қарсы басқыншылық әрекетін тоқтату, сондай-ақ, босқындарға гуманитарлық көмек көрсету бойынша дипломатиялық күш-жігерді жандандыру қажеттігін қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрі жуырда Бейрутқа барған сапарына сілтеме жасап, Ливандағы қарсыласу күштерінің жағдайын қанағаттанарлық деп сипаттады.
Сонымен қатар, Арақчи қарсыласу күштерінің Израиль армиясының құрлықтан ықтималды басып кіруіне тойтарыс беруге толық дайын екендігін айтты.
Арақчи: «Иран Ислам Республикасы аймақта шиеленіс пен соғысты күшейтуді көздемейді. Дегенмен соғыстан қорықпайды және Израильдің кез келген жаңа қылмыстары мен қауіпті әрекеттеріне нақты әрі лайықты түрде жауап береді»,-деді.
















