Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Масқаттағы келіссөздер аяқталғаннан кейін тараптар арасында келіссөздерді жалғастыру қажеттілігі туралы ортақ келісім бар екенін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, Иран мен АҚШ арасындағы ядролық келіссөздердің жаңа кезеңі бүгін, жұма күні таңертең Оман сұлтандығының делдалдығымен Масқатта басталып, бірнеше минут бұрын аяқталды.
Келіссөздердің бұл кезеңінде Иран мен АҚШ-тың делегациялары өздерінің пікірлері, ескертпелері мен ұстанымдарын Оман Сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаиди арқылы бір-біріне жеткізді.
Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчидің Масқаттағы келіссөздер аяқталғаннан кейінгі мәлімдеме жасады. Мәлімдеменің мәтіні төмендегідей:
Бүгін біз таңғы сағат 10-нан кешкі 6-ға дейін созылған өте қарқынды әрі ұзақ келіссөз өткіздік. Көптеген кездесу жанама форматта өтті. Оман Сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаиди бүгін үлкен еңбек сіңірді. Ол тек қонақжайлылық көрсетіп қана қоймай, екі тараптың ұсыныстары мен жолдауларын бір-біріне жеткізуде маңызды рөл атқарды.
Біз ол кісімен бірнеше рет кездестік. Кейін ол біздің сөзімізді қарсы тарапқа жеткізіп отырды. Ұзақ үзілістен кейін біздің көзқарастарымыз бен алаңдаушылықтарымыз бір бірімізге жеткізілді. Біздің мүдделеріміз, Иран халқының құқықтары және айтылуы тиіс барлық мәселе өте жақсы кеңістікте ортаға салынып, қарсы тараптың да пікірі тыңдалды.
Бұл жақсы бастама болды, бірақ оның жалғасуы астаналарда (Тегеран мен Вашингтон) өтетін кеңестер мен алдағы қадамдар туралы шешімдерге байланысты. Келіссөздерді жалғастыру қажеттілігі туралы ортақ келісім бар. Алайда оның уақыты мен форматы алдағы уақытта Оман Сыртқы істер министрі арқылы нақтыланатын болады.
Меніңше, кеңістік жақсы болды. Бір сөзбен айтқанда, бұл — жақсы бастама. Қазір біз сегіз айға созылған қиын кезең мен соғыстан кейін диалогты қайта бастау кезеңінде тұрмыз. Осы уақыт ішінде пайда болған үлкен сенімсіздік — келіссөздер жолындағы күрделі кедергі. Алдымен осы сенімсіздікті жеңіп, содан кейін ғана Иран халқының мүддесін қорғайтын жаңа келіссөздер аясынн құруымыз керек.
Бүгін бұл бағытта жақсы пікір алмасу болды. Егер қарсы тарап осы ұстанымды жалғастырса, келесі кездесулерде ортақ негізге қол жеткізе аламыз деп ойлаймын. Дегенмен, қазірден бастап қорытынды шығарғым келмейді. Бәрі қарсы тараптың әрекеті мен Тегеранда қабылданатын шешімдерге байланысты.
















