Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бүгін тамыздың жиырма үші, сенбі күні таңертең телефон арқылы сөйлесті.
Еуразия Тудейдің Иран СІМ Телеграм арнасындағы мәліметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша министрлер Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі оқиғаларды, атап айтқанда, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2231 қарары мерзімінің жақындап қалуы аясында үш еуропалық елдің әрекеттерін талқылады. Әңгіме барысында Иран мен АҚХА арасындағы ынтымақтастық мәселелері де сөз болды.
Тараптар еуропалық үш елдің “Ортақ қадам” жан-жақты бағадарламасы бойынша өз міндеттемелерін орындамай және АҚШ-тың Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық нысандарына шабуылдарын қолдауымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2231 қарарын өрескел бұзғанын, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің күшін жойған резолюцияларын қалпына келтіру үшін дауды шешу тетігін пайдалануға құқықтық және ахлақтық өкілеттіктерден кенде екенін баса айтты.














