Арақчи мен Мунир Батыс Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолдарын талқылады
Пәкістан армиясының қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунир Тегеранда Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчимен кездесуде Батыс Азия аймағында бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту жолдарын талқылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Ислам Республикасының лауазымды тұлғаларымен пікір алмасу мақсатында Тегеранға сапармен келген Пәкістан армиясының қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунир кеше Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Аракчимен кездесіп, сұхбаттасты.
Түннің бір уағына дейін жалғасқан кездесуде тараптар шиеленістің ушығуына жол бермеу, АҚШ пен сионистік режимнің Иранға қарсы таңған соғысын тоқтату бағытындағы дипломатиялық күш-жігер мен бастамаларды, сондай-ақ, Батыс Азия аймағында бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту жолдарын талқылап, пікір алмасты.
Айта кетейік, Пәкістан армиясының қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунир жалғасып жатқан араағайындық үдерістері шеңберінде кеше, мамырдың 22 күні Тегеранға сапармен келді.
Ол кісіні әуежайда Иранның Ішкі істер министрі Ескандар Момени қарсы алды.
Сондай-ақ, бұл рәсімге Пәкістанның Ішкі істер министрі Мохсин Нақви де қатысты.
Бұл ақпаратты Пәкістан армиясының қоғамдық байланыстар қызметі де растап, мәлімдеме жасады.
















