Иран СІМ Аббас Арақчи Наурыз аймағына жататын елдердің Сыртқы істер министрлерінің әрқайсысына жеке хат жазып, келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Наурыз мерекесін тойлайтын елдердің, атап айтқанда Тәжікстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ауғанстан, Пәкістан, Түркіменстан, Түркия, Ирак, Қырғызстан, Қазақстан, Үндістан елдерінің Сыртқы істер министрлеріне жеке-жеке жолдаған хатта келе жатқан Наурыз мереекесімен құттықтап, осы елдердің халқына бейбітшілік, бақыт, өркендеу тіледі.
Арақчидің әріптестеріне жолдауында Наурыз аймағына жататын елдер арасындағы тарихи, мәдени және өркениеттік терең байланыстың маңызды нышаны ретіндегі көне мереке Наурыздың дәстүрлеріне сілтеме жасалып, көктемдегі күн мен түннің теңесуінен, табиғаттың жандануы және жердің қайтадан түлеуінен бастау алатын ежелгі Наурыздың бейбітшіл адами құндылықтар мен әділет және адамдар арасындағы бейбіт тату қатар өмір сүруді үнемі насихаттауы ғасырлар бойы оны құрметтеп, мерекелеген барлық халыққа түсіністік, достық пен ынтымақтастық үшін құнды негіз бола алатыны айтылған.
















