Иран Сыртқы істер министрі Сейіт Аббас Арақчи сионистік режимнің Соғыс министрі Кацтың жөнсіз сөздеріне білдірген реакцияда Иран халқы мен басшыларына жасалған кез келген қоқан-лоқыға шұғыл және мықты жауап берілетінін ескертті.
Арақчи Х платформасында жазған жазбасында «Исламабад өзара түсіністік туралы меморандумының мазмұны толығымен айқын. Барша оны байқай алады. Америка президенті АҚШ-н Тель-Авивтегі өз қолында өсірген хайуанды ауыздықтауға міндеттелді. Олар өз иелерінің бұйрығынан жалтарса, Иран оларға тиісті сабақ береді» — деді.
Айта кетейік, Израиль Соғыс министрі Исраэль Кац Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдыс күштерінің» қолбасшысы Исмаил Каанидің басып алынған Ливан аумақтарынан әскерді шығару туралы талабына қоқан-лоқымен жауап берді.
Кац X әлеуметтік желісіндегі иврит және парсы тілдеріндегі жазбаларында: «Егер Иран Израильге шабуыл жасаса, бұл оның бүкіл тарихындағы ең үлкен қателігі болады», — деп ескертті.
Израильдің Ливанның бүкіл аумағынан кетуі тиіс екенін баса айтқан Каани: «Бұл жерлер — басқыншылардың ойын алаңы емес, қарсылық пен төзімділік майданы. Егер сионистер бүгін өз еркімен кетпесе, ертең олар қорланып, шарасыз жеңіліспен қашуға мәжбүр болады», — деп баса айтқан болатын.
















