Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчидің хаты Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің орынбасарына табыс етілді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, хатты Иран Ислам Республикасының Эр-Риядтағы Елшісі Әли Реза Энаяти жеткізді.
Арақчидің Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фарханға жолдаған хаты Корольдіктің Сыртқы істер министрінің орынбасары Уалид бен Абдулкарим әл-Хурейжиге табыс етілді.
Сауд Арабиясының SPA мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, хатта екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері, сондай-ақ екі ел арасындағы байланысты барлық салада кеңейту және нығайту жолдары жазылған.
Құжат Қытайдың арағайындығымен 2023 жылы басталған екі ел арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтірудің жалғасуын білдіреді.
Айта кетейік, Сауд Арабиясы мен Иран 2023 жылы ымыраға келгенін жариялап, жеті жыл бұрын үзілген дипломатиялық қарым-қатынасты қайта жандандыруға уағдаласқан болатын.

















