Мемлекет басшысына Түркияда шығарылған TOGG электромобилі сыйға берілді.
Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитіне қатысқан Түркия Президенті саммит соңынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде өзара құрметтің белгісі ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркияда шығарылған TOGG электромобилін сыйға тартты.
Режеп Тайып Ердоған мемлекет басшысына жаңа электрокарды өзі таныстырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанға алғыс айтып, әріптесін TOGG электромобилінің өндірісін табысты іске қосуымен құттықтады.
Бұған дейін, 2023 жылдың сәуірінде Ердоған атынан Togg автокөліктерін Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев сыйлық ретінде алған болатын.
Ал маусым айында жаңа брендтің екі көлігі Түркіменстанға берілді. Оның бірі Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке берілсе, екіншісі Гурбангулы Бердімұхамедовке берілген еді.
Дәл осындай сыйлықтарды маусым айында Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тани, БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Наханян және Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Сауд та алды.



















