Eurasiatoday
Воскресенье, 29 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөз сөйледі

  • ТОП жаңалықтар
  • 20 сентября, 2023 11:45

Loading

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласына сапарында БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында өткен Жалпы дебатқа қатысты.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ең биік халықаралық мінберде сөз алған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев адамзат баласы бұрын-соңды басынан өткермеген аса үлкен сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын және геосаяси қақтығыстардың жаңа кезеңіне өткенін мәлімдеді.

«Бұған БҰҰ Жарғысындағы халықаралық құқықтың негізгі принциптерінің бір мезетте бұзылуы себеп болып отыр. Құқықтық темірқазықтың жойылуы қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіне уақыт өткен сайын ауыртпалық түсіріп, түрлі қарама-қайшылық тудырады. Басты халықаралық құқықтық құжаттардың тәртібін сақтамау, тоқтатып қою және оны тәрк ету тәжірибесі – өте алаңдатарлық жағдай. Өйткені мұның соңы адамзаттың араздығына әкелуі мүмкін. Бұл жағдай сауда жүйесін бұзады, экономиканың өзегі саналатын тасымал тізбегін әлсіретеді, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігіне зардабын тигізіп, инфляцияның қарқынын күшейтеді. Қазіргі қалыптасқан кері үдеріс адамдардың қайғысын қалыңдата түседі. Әлемде 108 миллион адам мәжбүрлі түрде босқынға айналды, 1 миллиардтан астам адам кедейлікте өмір сүріп жатыр, 2 миллиард адам негізгі дәрі-дәрмектерге қол жеткізе алмай отыр. Ақыр соңында адамзат болашақта әлемнің тұрақты дамуына сенімін жоғалтуы ықтимал. Өскелең ұрпақ өздеріне мұра болып қалатын әлемнің енді жақсаратынына сенбейді. Сондықтан Қазақстан БҰҰ Жарғысының қағидаттарына өзінің мызғымас адал екенін тағы бір рет мәлімдейді», – деді Президент.

Тақырыпқа орай:

Тоқаев ғылым мен білімді дамыту және цифрлық экономиканы қалыптастыру міндеттерін белгіледі

Тоқаев ғылым мен білімді дамыту және цифрлық экономиканы қалыптастыру міндеттерін белгіледі

28.10.2026

Мемлекет басшысының айтуынша, БҰҰ Бас Асасамблеясына жиналған көшбасшылар адамзаттың тағдыры мен болашағына жауапты.

Президент даму құқығын қамтамасыз ете отырып, жаһандағы өзекті мәселелерді шешуге ықпал ететін жаңа бағамдар керек екенін атап өтті.

«Ол үшін Дүниежүзілік сауда ұйымының қағидаттары мен ережелеріне негізделген ашық, анық әрі инклюзивті көпжақты сауда жүйесі қажет. Сонымен қатар бізге жаһандық азық-түлік қауіпсіздігінің анағұрлым мінсіз жүйесін құруды ойластырған жөн. Былтыр дүниежүзі халқының 10 пайызға жуығы аштықпен бетпе-бет келді. Өндіріс көлемін және азық-түлік тауарларының экспорты мен импортын қоса алғанда, азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ақпаратпен еркін алмасу ісін жандандыру қажет. Біз халықаралық қауымдастықтың азық-түлік дағдарыстарына төтеп беру шараларын қаржыландыруына ашық мониторинг жүргізуді бірлесіп қамтамасыз етуіміз керек. Қазақстан азық-түлік жеткізуші аймақтық хабқа айналуға дайын. Ол үшін бізде барлық қажетті ресурс, инфрақұрылым және логистика бар. Еліміз қазірдің өзінде Еуропа мен Азия арасындағы құрлықтық жүк тасымалының 80 пайызға жуығы өтетін сенімді бағыт саналады. «Орта дәліз» аталатын Транскаспий халықаралық көлік бағдары Шығыс пен Батыс арасындағы өзара қатынастарды едәуір нығайта алады. Бұл көлік бағдары маңызды нарықтар арасындағы сауда қарқынын ұлғайтып, теңіз жолымен жүк тасымалдауға кететін уақытты екі есеге жуық қысқартуға мүмкіндік береді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Орталық Азия өңіріндегі су тапшылығы трансшекаралық өзендер бассейнінде күрделі экономикалық және басқа да мәселелер туындатып отырғанына назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан тұрақты, өркендеген мемлекетке және сенімді сауда серіктесіне айналуы керек деп санайды. Осы орайда ол Алматыда Орталық Азия және Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын ашу туралы бастаманы қолдауға шақырды.

Бұдан бөлек, Президент жиын қатысушыларына Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар, Конституцияға енгізілген түзетулер, елдегі саяси-экономикалық жүйенің жаңғыруы жөнінде қысқаша мәлімет берді. Сондай-ақ елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың түп негізінде әділдік, теңдік, адалдық пен еркіндік қағидаттары жатқанын жеткізді.

«Менің пікірімше, кез келген жағдайда заң үстемдігін сақтау бәрінен басым тұруы қажет. Саяси реформалар мен адами капиталды дамытуға жұмсалатын инвестиция ғана экономикамызды әлдеқайда мықты әрі тұрақты ететінін жақсы түсінеміз», – деді Президент.

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: БҰҰ Бас АссамблеясыЖалпы дебатҚасым-Жомарт Тоқаев
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев ғылым мен білімді дамыту және цифрлық экономиканы қалыптастыру міндеттерін белгіледі

Тоқаев ғылым мен білімді дамыту және цифрлық экономиканы қалыптастыру міндеттерін белгіледі

28.10.2026
Иран Ресейдің БҰҰ мінберіндегі ұстанымына алғыс білдірді   

Иран Ресейдің БҰҰ мінберіндегі ұстанымына алғыс білдірді  

01.10.2026
Пезешкиан Иран делегациясының БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясына қатысу қорытындысын жариялады

Пезешкиан Иран делегациясының БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясына қатысу қорытындысын жариялады

28.09.2026
Алматыдағы «Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумы бір минут үндіздікпен басталды

Алматыдағы «Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумы бір минут үндіздікпен басталды

25.09.2026
Пезешкиан БҰҰ Бас Ассамблеясында дайындаған сөзін оқудан бас тарту себебін түсіндірді

Пезешкиан БҰҰ Бас Ассамблеясында дайындаған сөзін оқудан бас тарту себебін түсіндірді

25.09.2026
Нетаньяху БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін АҚШ-қа бір күнге ғана барады  

Нетаньяху БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін АҚШ-қа бір күнге ғана барады  

23.09.2026
Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы құрамын бекітті

Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы құрамын бекітті

23.09.2026
Тоқаев ШЫҰ саммитінде бірнеше маңызды бастама көтерді

Тоқаев ШЫҰ саммитінде бірнеше маңызды бастама көтерді

02.09.2026
Тоқаев Құрылтайға сайланған жоғары лауазымды бірқатар тұлғаны қызметінен босатты

Тоқаев Құрылтайға сайланған жоғары лауазымды бірқатар тұлғаны қызметінен босатты

27.08.2026

Басты жаңалықтар

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

27.11.2026
Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

26.11.2026
Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

25.11.2026
Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

25.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Рахмон мен Раиси визаны өзара жеңілдетуді қажет деп санады

Рахмон мен Раиси визаны өзара жеңілдетуді қажет деп санады

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.