Сирияның оңтүстігінде ұлттық қарсыласу қозғалысы қалыптастып, күшейіп келеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы араб әлемінің танымал сарапшысы Абдолбари Атван мәлімдеді.
Ол былай деп жазды: «Сирияның ұлттық қарсыласу қозғалысы осы елдің оңтүстігінде қалыптастып, күшейіп келеді. Қазіргі кезең уақытша.
Башар Асад Үкіметі құлатылғаннан кейін көппшілік жаңа Сирия қалыптасты деп ойлады. Бірақ қазір белгілер бұрынғы Сирияның өзінің тарихи болмысымен оралып, жаңа қарсыласу қозғалысы пайда болып келе жатқанын көрсетеді.
Сирияың оңтүстігінде «Әл-джамият әл-исламиат әл-ватание» деген жаңа қозғалыс қалыптасты. Бұл сүннит-ливандық-сириялық күштерден құралған қозғалыс Хезболла қарсыласу қозғалысымен одақтасып, Сириялық қозғалыстың Израильге қарсы қарсыласуындағы олқылықтың бос орнын толтырады.
Израильдің Ливан мен Сирия және Газаға үздіксіз шабуылдары жауапсыз қалғанымен, енді қатты қарымта әрекет жасалады. Берілетін жауаптың шешімі бұрын қабылданып қойған.
Америка мен Израильдің Хезболланы қарусыздандыру туралы болжамы құр қиял. Хезболла тіпті бір сынық оғын да тапсырмайды», — деді.
















