Ауғанстанның уақытша үкіметі ертең 15 тамызда АҚШ бастаған шетелдік әскерлерді жеңгенін тойлауға дайындалып жатыр.
Еуразия Тудейдің Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Ауғанстанның уақытша үкіметі 2021 жылдың 15 тамызында АҚШ бастаған шетелдік әскерлердің жеңіліске ұшырағанын атап өтіп, Жеңіс күнін тойлауға дайындалып жатыр.
Бұл күн төрт жыл бұрын осы елден шетелдік әскерлердің шығарылуына жол ашты.
Бүгін бейсенбі күні Кабулдың барлық негізгі жолдары ақ жалаулармен безендірілді.
Сонымен қатар, кейбір үкіметтік ғимараттардың қабырғалары мен жол айрықтарында «Ауғандықтар басқыншыларды жеңді» деген ұрандар ілінді.
Ауғанстанның уақытша үкіметі билікке 2021 жылы 15 тамызда келді. АҚШ-тың соңғы сарбазы сол жылдың 31 тамызында елден кетті.
Ауғанстаннан шетелдік әскерлер шығарылғаннан кейін елдің уақытша үкіметі 15 тамызды Жеңіс күні деп жариялады.












