“Хезболла” қозғалысының Бас хатшысы Наим Қасем Иран Ислам Республикасына Ливанға қолдау көрсетіп, Израильға қарсы күрестегі қарсылығы үшін алғыс білдірді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, “Хезболла” қозғалысының Бас хатшысы Наим Қасем бұл туралы Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджанимен кездесуінде айтты.
Ливанға ресми сапармен барған Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджани Ливанның “Хезболла” қозғалысының Бас хатшысы шейх Наим Қасеммен кездесті.
Кездесу барысында Наим Қасем Иран Ислам Республикасының Ливанға және Израиль басқыншылығына қарсы тұрудағы Қарсыласу қозғалысына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Сондай-ақ, ол Тегеранның Ливанның бірлігін нығайтуға, егемендігі мен тәуелсіздігін сақтауға қосқан үлесіне тоқталып, екі ел арасындағы бауырлас қарым-қатынастың маңыздылығын атап айтты.
Айта кетейік, Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджани Иракқа сапарынан кейін, сәрсенбі күні таңертең Бейрутке келді.
















