Талибан Ауғанстанның Газа халқына арналған 530 тонна гуманитарлық көмегі жеткенін хабарлады.
Талибан үкіметінің Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанның үкіметі жіберген 530 тонна гуманитарлық көмек Мысырдағы Рафах өткелі арқылы Газа халқына жеткенін мәлімдеді.
Жарияланған мәлімдемеге сәйкес, бұл көмекті Мысырдағы Талибан делегациясы сатып алып, дайындап, Рафах өткелі арқылы Газа секторына тасымалданған.
42 жүк көлігіне толтырып тиелген көмектегі азық-түлік пен киім-кешек және басқа да аса қажетті бұйымдардың құны 500 мың долларды құрады.
Заттар Газадағы шамамен 22 мың отбасына таратылады.
Талибан үкіметінің Сыртқы істер министрлігі сонымен қатар халықаралық ықпалды тараптарды Газадағы атысты тоқтатуды тұрақтандыру үшін күш салуға шақырды.
Мәлімдемеде Ауғанстанның Палестина мәселесіне қатысты принципті ұстанымы тағы қайталанып, бұл мәселенің тарихи шындықтар мен Палестина халқының заңды құқықтары негізінде шешілуі тиіс екені атап өтілді.
Соңғы жылдары АуғанстанГазаға бұдан басқа да бірнеше көмек тиелімін жіберді.
















