Ауғанстан компаниялары Қазақстанның ұлттық азық-түлік компаниясымен 600 мың тонна негізгі азық-түлік шикізатын сатып алу туралы келісімшартқа қол қойды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Талибан басқаратын үкіметтің Өнеркәсіп және сауда министрлігі мәлім етті.
600 мың тонна негізгі азық-түлік шикізатының құрамында ұн, бидай және соя сияқты майлы дақылдар бар.
Келісімшарттарға екі ел арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған Кабулда өткен сауда кездесуінде қол қойылды. Қол жеткізілген келісімдердің құны 133 миллион доллардан асады.
Талибан басқаратын үкіметтің Өнеркәсіп және сауда министрі Нуруддин Азизи Ауғанстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымын 3 миллиард долларға дейін арттырудың маңыздылығын және ұлттық экономиканың серпінділігіндегі жеке сектордың ерекше рөлін атап өтті.
Бұл келісім Ауғанстанның ішкі нарығының сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, екі ел арасындағы экономикалық байланыстың одан әрі кеңеюіне, тауар айналымының артуына жол ашады.
















