Шетелдік туристердің Қазақстанға деген қызығушылығы арта бастауының нәтижесінде олардың саны да жыл сайын көбейіп келеді.
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында елімізге 834,9 мың шетелдік турист саяхаттап келген.
Туризм және спорт министрлігінің хабарлауы бойынша бұл 2022 жылғы көрсеткішке қарағанда 225 мың адамға көп, яғни, өсім 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37 пайызға артқан. 2022 жылы елімізге 609,8 мың шетелдік келген.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, елімізге саяхаттайтын шетелдік туристердің географиясы да жыл санап түрленіп келеді.
Мәселен, Қазақстанға мұхиттың арғы бетіндегі мемлекеттердің де саяхатшылары көптеп келе бастады.
2023 жылдың алғашқы 9 айында Қазақстанға ең көп саяхатшы Ресейден келген. Былтырғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Қазақстанға 356 850 мың ресейлік саяхаттаған.
Екінші орынды 75 131 санмен Қытай саяхатшылары иеленді. Үшінші орында 41 134 саяхатшысымен Түркия тұрақтады.
Сондай-ақ, үздік бестіктің қатарына Үндістан мен АҚШ енді.
Айта кетейік, Қазақстандағы туризмнің ең танымал бағыттарына экотуризм, спорттық туризм, мәдени-этнографиялық туризм, діни туризм, сауықтыру туризмі және іскерлік туризм жатады.




















