Елисей сарайы осы елдің қазіргі білім министрі Габриэль Аттальдың Үкімет басшысы болып тағайындалғанын хабарлады.
Франция Президенті Эммануэль Макрон бұрынғы премьер-министр Элизабет Борн отставкаға кеткеннен кейін оның орнына бүгін, 9 қаңтар, сейсенбі күні Габриэль Аттальды жаңа Премьер-министр лауазымына тағайындады.
Габриэль Атталь енді жаңа Үкімет құруға жауапты. 34 жастағы Атталь Франция тарихындағы ең жас премьер-министр атанды.
Габриэль Атталь 1989 жылы 16 наурызда Кламарт қаласында дүниеге келген. Ол 2013 жылы Париждегі Саяси зерттеулер институтынан мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.
Айта кетейік, Элизабет Борн кеше, 8 қаңтар күні отставкаға кетті. Ол 2022 жылғы 16 мамырдан 2024 жылғы 9 қаңтарға дейін Франция Премьер-Министрі қызметін атқарды. Ол Франциядағы екінші әйел премьер-министр болды.
Макрон X парақшасында Борнға алғыс айтып, оның ұлтқа қызмет етудегі жұмысының әр күнін үлгілі деп бағалады.



















