Франция израильдік сегіз компанияға Milipol салонына қатысуға тыйым салды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Француз билігі қорғаныс саласындағы әлемдегі ең ірі техникалық көрмелердің бірі саналатын Milipol Paris тізімінен израильдік 8 компанияны алып тастады.
Францияның бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, израильдік 39 компания көрмеде өз өнімдерін таныстырмақ болған. Израильдің 12-ші арнасының мәліметінше, олардың саны 45-ке дейін жеткен.
Көрмеге израильдік компаниялардың қайсысы қатыспайтын, қайсысы қатысатыны әзірге белгісіз. Көрме 18 қарашада ашылады.
Франция ресми тізімді ертең жариялайды.
Өткен аптада Палестинаны қолдайтын үкіметтік емес ұйымдар израильдік фирмалардың көрмеге қатысуына қарсы БАҚ арқылы үлкен науқан бастап, егер Израиль компаниялары аталмыш шараға қатысатын жағдайда көрменің ұйымдастырушылары мен Франция Премьер-министрін сотқа беретінін ескертті.
Ұйымдардың айтуынша, Израильге тікелей немесе жанама түрде қару-жарақ жеткізетін компаниялардың көрмеге қатысуы халықаралық құқықтың өрескел бұзылуына ықпал етеді.
Осындай жағдай бұған дейін де болған.
2024 жылдың мамыр айында Eurosatory қорғаныс көрмесін ұйымдастырушылар израильдік фирмалардың іс-шараға қатысуына тыйым салып, көрмеге израильдік бірде-бір компанияны кіргізбеді. Алайда Париж соты бұл шешімді заңсыз деп таныды.



















