Иран Президенті Масуд Пезешкиан сенімді қалпына келтіру жауапкершілігі Иран құқықтарын құрметтеуге тиіс Америка Құрама Штаттары мен Еуропаға жүктелетінін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Президенті Масуд Пезешкиан Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сұхбатта айтты.
Пезешкиан Иранның әрдайым диалог пен ынтымақтастықты қолдап келгенін, алайда қазіргі жағдайда бірінші қадамды қарсы тарап жасауы қажеттігін айтып: “Иран әрдайым диалог пен өзара іс-қимылды құптады. Алайда бүгінгі уақытта сенімді нығайту шарасы ретінде қарсы тарап Иранның құқықтарын құрметтеп, шамадан тыс талаптарын таңуға ұмтылмауы керек”, — деді.
Иран Президенті кімнің өз адалдығын дәлелдеуі тиіс екенін нақтылап: “Өзінің шынайылығын дәлелдеп, сенім орнатуы тиіс тарап Иран емес, АҚШ пен Еуропа. Олар өздерінің адалдығын іс жүзінде дәлелдеп, Иранның сеніміне ие болуы керек”, — деп баса айтты.
Масуд Пезешкиан президенттік қызметіне кіріскен сәттен бері Тегеранның тек тең құқықты жағдайда ғана келіссөз жүргізетінін бірнеше рет мәлімдеді.


















