Иран және Франция президенттері Масуд Пезешкиан мен Эммануэль Макрон Нью-Йорк қаласында кездесіп, келіссөз жүргізді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан мен Франция Президенті Эммануэль Макрон БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында өткен кездесуде екіжақты қарым-қатынас және ядролық мәселе төңірегіндегі жағдайды талқылады.
Тараптар кездесуде ядролық мәселені диалог арқылы шешудің маңыздылығын қуаттады.
Сонымен қатар, Пезешкиан мен Макрон Иран мен Франция арасындағы қарым-қатынастың жай-күйін талқылап, қазіргі уақытта екі ел арасындағы мәселелерді жою өзара байланыс пен ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік беретініне үміт білдірді.
Президент Пезешкиан ядролық мәселеге тоқталып, Тегеранның ядролық қару жасауға ешқашан ұмтылмағанын, Еуропа елдерімен қолайлы форматта келіссөз жүргізуге дайын екеніне тоқталып: “Иран бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламаны ұстанады және келіссөздерге дайын”, – деді.
Франция Президенті Эммануэль Макрон Иранмен арадағы мәселелерді шешуге және елінің Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға мүдделі екенін баса айтты.


















