Eurasiatoday
Пятница, 27 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жиналған жүк көлігінің суға қатысы бар ма?

  • Сараптама
  • 26 августа, 2023 17:35

Loading

Тамыз айының ортасында Қазақстан мен Қырғызстанның қарым-қатынасы арасында сызат түсті. Алдымен Бішкек Қазақстанға суармалы су беруді тоқтатты.

Артынша екі ел арасындағы шекара бекеттерінде үлкен кептелістер пайда болды. Даудың басы суда ма?

21 тамызда Қырғызстан Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Суландыру ғылыми-зерттеу институтының директоры Улан Чортомбаев әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, Қырғызстан қоймаларындағы тапшылықтан Қазақстанға су берілмей жатқанын айтты.

Тақырыпқа орай:

Ұлттық дәстүрлерді сақтау мен мәдени ерекшелікке құрмет — өзара түсіністіктің негізі

Ұлттық дәстүрлерді сақтау мен мәдени ерекшелікке құрмет — өзара түсіністіктің негізі

23.11.2026

Ол шекарада көліктердің тұралауын осы проблемамен байланыстырып отыр.
«Сіздер біздің жүк көліктерді кеден бекеттерінен өткізбей, шекара бекеттерінде кезекке тұруға мәжбүр еттіңіздер. Оның себебін сіздер біздің су беруді тоқтатуымызбен түсіндіресіздер- дейді Чортомбаев өзінің Facebook парақшасында.

Алайда 24.kg ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қырғызстан су ресурстары қызметінің директоры Алмазбек Сокеев Қазақстанмен арадағы шекарада жүк машиналарының жиналып қалуы су мәселесімен байланысты еместігін айтқан.

«Мен қазақстандық тараппен сөйлестім. Олар шекараның жабылуына су себеп емес екенін айтты. Біз өз міндеттемелерімізді орындаймыз. Шекарада мұндай жағдай былтыр да болған, биыл да қайталанып отыр. Нақты себебін біле алмадық», — дейді Сокеев.

Айта кетсек, жақында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Жамбыл облысының алты ауданында (Жамбыл, Қордай, Мерке, Т.Рысқұлов және Талас) табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. Бұл режим аптап ыстық пен су тапшылығына және соның салдарынан жергілікті шаруалардың шығынға ұшырауына байланысты енгізіліп отыр.

Бұған дейін еліміздің экология министрлігі Қырғызстаннан Жамбыл облысына су жеткізудің тоқтауына байланысты түсініктеме берген еді.

Ведомство Талас өзені суының аздығынан, сондай-ақ ерекше ыстық пен қуаңшылық салдарынан қырғыздың Киров су қоймасынан Қазақстанға берілетін судың жеткіліксіз болғанын растады.

Қырғызстан Ауыл шаруашылығы министрлігі бүгінде Талас облысында су проблемасы туындағанын алға тартып отыр. Шілденің соңында республика билігі ел ішінде электр қуатының тапшылығына байланысты 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін төтенше жағдай енгізген. Оған себеп – су тапшылығы. 1983 жылғы ережеге сәйкес, Қазақстан мен Қырғызстан Шу және Талас өзендері мен Тоқтоғұл су қоймасының суын ортақ пайдалануы керек. Қырғыз су ресурстары қызметі директорының орынбасары Абдыбай Жайлообаевтың айтуынша, Шу өзенінің 52 пайызы Қырғыз Республикасына, 48 пайызы Қазақстанға тиесілі, ал Талас екі елге 50 де 50 шарты бойынша бөлінген.

Екі ел арасындағы су мәселесімен қатар енді Қазақстан мен Қырғызстан шекара бекеттерінде үлкен кептелістер пайда болды. Қырғыз тарабының хабарлауынша, «Кен-Булунда» — 146 көлік, ал «Ақ-Тілек» өткізу бекетінде 493 көлік тұр. Қырғызстанның шекара қызметі 22 тамызда Қазақстанға 112 көлік кіргенін айтады.

22 тамызда Қырғызстан шекара қызметі «Ақ-Тілек» өткізу бекетінде 370 көлік өте алмай түрғанын, таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейін Қазақстан тарабы тек үш машинаны өткізгенін хабарлаған еді.

Қырғызстан шекарашыларының өкілдерінің хабарлауынша, Қазақстан мен Қырғызстан шекара қызметкерлерінің кездесуінде қазақ тарабы шекарада ешқандай шектеу жоғын айтқан.

22 тамызда ҰҚК-ның шекара қызметі қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктерінің кептелісі көбейген тұста мәлімдеме жасап, шекара маңында ешқандай шектеу енгізілген жоқ деген.

Қазақстанның шекара қызметі шекара маңында және өткізу бекеттерінде заңға қайшы әрекеттерді болдырмас үшін кешенді шара жүріп жатқанын айтқан еді.

Қазақстан қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «есірткілерді тексеру бойынша операция аясында шекара қызметі мен ҰҚК қатаң тексеріс жүргізіп жатқанын» мәлімдеді.

«Ақ-Тілек» шекара бекетінде көлік кезегі 20 тамызда пайда болған.
Қырғызстанның Экономика және сауда министрлігі жүк көліктерінің шекарадан өтуінің баяулауына байланысты Қазақстанды Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында тауарлардың еркін өтуіне кедергі жасап отыр деп айыптады.

Аталған ведомство басшысының орынбасары Назарбек Малаев тамыздың 20-ынан бері Қырғызстаннан Қазақстанға қатынайтын жүк көліктерінің бақылау-өткізу бекеттерінде жүк таситын автокөлік құралдарының жиналып қалуына байланысты қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасында жағдайдың шиеленісіп тұрғанын ескертті.

Алайда, Экономика және сауда министрінің орынбасары Назарбек Малаев қырғыз-қазақ шекарасында көліктерді өткізу жағдайы жақсара бастағандығы туралы мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, қазір «Ақ тілек» пунктінде сағатына орта есеппен он көлік өткізіледі. Бір тәулік ішінде 280 автомобиль шекарадан өткен.

«Жағдай жақсарып келе жатқандықтан, Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдерімен кездесу барысында біз Қырғызстан мен Қазақстан мәселені екіжақты форматта шешетінін атап өттік. Әзірге біз ЕЭК және Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты халықаралық алаңдарға жүгінбейміз», — деп атап өтті Назарбек Малаев.

1992 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Қырғызстан үшін негізгі сауда серіктесі болып табылады және екі ел бір-біріне сенімді және тең стратегиялық серіктестер болып қала береді деп сенеміз.

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: ҚазақстанҚырғызстанСу мәселесішекара
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық дәстүрлерді сақтау мен мәдени ерекшелікке құрмет — өзара түсіністіктің негізі

Ұлттық дәстүрлерді сақтау мен мәдени ерекшелікке құрмет — өзара түсіністіктің негізі

23.11.2026
Қазақстан мен Иранның Һормозган провинциясы сауда-экономикалық әріптестікті тереңдету жолдарын талқылады

Қазақстан мен Иранның Һормозган провинциясы сауда-экономикалық әріптестікті тереңдету жолдарын талқылады

13.11.2026
Тоқаев ғылым мен білімді дамыту және цифрлық экономиканы қалыптастыру міндеттерін белгіледі

Тоқаев ғылым мен білімді дамыту және цифрлық экономиканы қалыптастыру міндеттерін белгіледі

28.10.2026
Қазақстан делегациясы Түркияның аграрлық саланы цифрландыру тәжірибесін зерделеді

Қазақстан делегациясы Түркияның аграрлық саланы цифрландыру тәжірибесін зерделеді

28.10.2026
Армения СІМ басшысы TRIPP жобасы шекарадан өтуді жеңілдететінін мәлімдеді

Армения СІМ басшысы TRIPP жобасы шекарадан өтуді жеңілдететінін мәлімдеді

22.10.2026
Қазақстан мен Иран ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады

Қазақстан мен Иран ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады

10.10.2026
Астанада Қазақстан мен Оман арасында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді

Астана мен Маскат арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріледі

05.10.2026
Тоқаев Қорғаныс министрі етіп Айдос Мырзахметовті тағайындады

Тоқаев Қорғаныс министрі етіп Айдос Мырзахметовті тағайындады

28.09.2026
Қырғызстан Жоғарғы кеңесі президент сайлауы өтетін күнді белгіледі

Қырғызстан Жоғарғы кеңесі президент сайлауы өтетін күнді белгіледі

26.09.2026

Басты жаңалықтар

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

26.11.2026
Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

25.11.2026
Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

25.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

24.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Қыркүйек айынан бастап Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасынан ID-карта арқылы өтуге болады

Қыркүйек айынан бастап Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасынан ID-карта арқылы өтуге болады

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.