Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың үшінші тоқсанында Беларусьқа ресми сапармен аттанады.
Бұл туралы Беларусь Президенті Александр Лукашенко бүгін, 4 наурызда Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Ерлан Байжановпен кездесуде мәлімдеді.
Лукашенко кездесуде сөйлеген сөзінде 20242 жылдың үшінші тоқсанында осы елге келетін Қазақстан Президентінің ресми сапарының кейбір аспектілерін талқылауды маңызды деп атады.
Лукашенконың айтуы бойынша келіссөздер жоғары деңгейде өтеді, әрі осы сапар аясында мүдделі тараптар кездеседі.
Беларусь Республикасының Мемлекет басшысы бұл сапардан кейін мұндай әлеуеті бар елдер үшін тауар айналымы бойынша қол жеткізген миллиардтық көлемнің күлкілі болатынын, себебі Беларусь пен Қазақстан сияқты мемлекеттердің қарым-қатынасы ең озық болуы керектігін баса айтты.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 16 қыркүйекте орнатылды.
Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігі 1993 жылғы 9 қаңтарда, Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі 1997 жылғы 13 шілдеде ашылды.
Қазақстан — Беларусьтің ТМД шеңберіндегі негізгі сауда серіктесі, сыртқы саудасының көлемі бойынша үшінші орындағы ел.
2022 жылы екі елдің тауар айналымы 1,017 млрд долларды құрады.



















