Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара бекетінде жолаушыларды өткізу уақыты 30 минутқа дейін қысқарады.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кіріс комитетінің Кедендік бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев баспасөз мәслихатында хабарлады.
Елдос Саудабаевтың айтуы бойынша, екі ел арасында қарым-қатынастың нығаюына жаңа серпін беру үшін ел Парламенті Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің айтуы бойынша, бұл құжат толыққанды күшіне енгеннен кейін екі ел азаматтары бірдей уақытша есепке тұрмай, екі ел аумағында 30 күн бойы міндетті тіркеусіз жүре алады.
Ішкі істер министрінің түсіндіруінше, өзбектердің Қазақстанда, қазақстандықтардың Өзбекстанда болу мерзімі жарты жыл ішінде 90 күннен аспауға керек.
Ержан Сәденов құжаттың толыққанды күшіне енуі екі елді одан сайын жақындастыра түсетінін, әрі екі елдің ынтымақтастығын нығайтатынын атап өтті.
Көші-қон мәселелері бойынша заң консультанты Ерлан Оразбаевтың айтуы бойынша, Қазақстанға келетін шетелдіктердің саны жағынан Өзбекстан бірінші орынды алады.
















