Азияда сұйытылған табиғи газдың бағасы 30 доллардан асты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл Иранмен соғысқа дейінгі бағадан шамамен үш есе жоғары және соңғы 4 жылдағы ең жоғарғы деңгей.
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы шабуылына дейін сұйытылған табиғи газдың әрбір партиясы шамамен 10,50 доллардан сатылған болса, қазір бұл көрсеткіш 30,5 долларға жетті.
Сұйытылған табиғи газ тасымалдайтын кемелер Ормұз бұғазы арқылы өтпей жатқан кезде Катар да ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша жүктерді жеткізуге қатысты форс-мажор жағдайын қараша айына дейін ұзартты. Яғни, бұл экспорттаушы компания өз бақылауынан тыс жағдайларға байланысты міндеттемелерін орындай алмайтын жайт.
Bloomberg тілшісі Стивен Степчинскидің айтуынша, бұл бағалар сұйытылған табиғи газды Ормұз бұғазы арқылы тасымалдаудың бұзылғанын және сұраныстың артуына байланысты Азия елдерінің қоры төмен деңгейдеге Еуропамен бәсекеге түскенін білдіреді.
















