БАӘ мен Израиль Йеменнің оңтүстігінде әскери салада ынтымақтастық жасауда.
Біріккен Араб Әмірліктері Аден шығанағындағы Миун аралында Израиль үшін ұшу-қону жолағын салды.
Бұл туралы Аденде орналасқан Эр-Риядқа бағынышты үкіметтің Ақпарат министрлігінің кеңесшісі Ариф Абу Хатем мәлімдеді.
Ол Сауд Арабиясының «Әл-Ехбария» телеарнасына берген сұхбатында бұл жолақ Израильдің әскери және көлік ұшақтарының қонуы мен ұшуына мүмкіндік беретінін айтты.
Бұған дейін де бұқаралық ақпарат құралдары мен спутниктік суреттер Баб әл-Мандеб бұғазына жақын орналасқан Миун аралында ұзындығы шамамен 1,85 шақырым болатын ұшу-қону жолағы мен бірнеше ангардың салынып жатқанын немесе дайын екенін көрсеткен болатын.
Йеменнің тиісті министрліктері мен Сауд Арабиясына жақын әскери лауазымды йемендік тұлғалар бұл құрылысты БАӘ-нің әрекетімен байланыстырады.
















