Біріккен Араб Әмірліктерінің саясаттану ғылымдарының докторы елдегі америкалық базаларды жабатын уақыт келгені туралы уәж айтты.
Еуразия Тудейдің «Arab 21» ақпарат сайтының Telegram арнасына сілтеме хабарлауынша, БАӘ президентінің бұрынғы кеңесшісі, бүгінде саясаттанушы Абдулхалық Абдулла жуырдағы оқиғалар кезінде Біріккен Араб Әмірліктері өзін-өзі қорғай алатынын дәлелдегені туралы уәж айтып: «Біріккен Араб Әмірліктеріне өзін қорғау үшін бұдан былай АҚШ-тың көмегі қажет емес», — деді.
Еске салайық, оның бұл уәжі Иран БАӘ-дегі АҚШ базалары мен мүліктерін бірнеше рет сәтті нысанаға алғанына қарамастан айтылып отыр.
Ол сондай-ақ: «Әмірліктерге тек Америка Құрама Штаттарындағы ең үздік әрі ең заманауи қару-жарақты сатып алу ғана қажет. Сондықтан, қазір америкалық базаларды жабатын уақыт келді, өйткені олар стратегиялық құндылық болудан қалды, керісінше, ауыр жүк пен артық шығынға айналды», — деді.
Бұл мәлімдемелер Иранға қарсы заңсыз және қатыгез америкалық-сионистік шабуылдардан кейін Парсы шығанағы аймағының қауіпсіздік және саяси теңгерімінде үлкен өзгеріс болған кезде айтылды.
Айта кетейік, БАӘ дәстүрлі түрде АҚШ-тың өңірдегі маңызды одақтасы саналады. Абу-Даби маңындағы Аль-Дафра авиабазасында 5000-ға жуық америкалық әскери қызметші орналасқан.
















