Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бақаи БҰҰ Бас хатшысының Гутерришке қазіргі жағдайды соғыс емес, АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған басқыншылығы деп атады.
Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бақаи БҰҰ Бас хатшысының Гутерриштің «Қазір соғысты тоқтататын уақыт келді» деген мәлімдемесіне жауап ретінде X желісінде былай деп жазды: «Аздап бейтарап болайықшы. Бұл «соғыс» емес, бұл — ядролық қаруға ие екі режимнің Иранға қарсы бастаған негізсіз басқыншылық әрекеті.
Иран маңызды дипломатиялық келіссөз жүргізіп жатқан тұста АҚШ пен Израиль 9 айға жетпейтін уақыт ішінде Иранға екінші рет шабуыл жасады.
Сіз әлемдік экономикаға төнген қауіпке алаңдаушылық білдірдіңіз, бірақ кінәсіз бейбіт тұрғындар, соның ішінде Минаб қаласында қаза тапқан 175 бала мен соңғы күндері АҚШ пен Израиль шабуылдарының құрбаны болған өзге де жандар туралы не айтасыз?
Біріккен Ұлттар Ұйымы тура болуы керек. Иранға қарсы бұл заңсыз соғысқа қатысты өзінің заңды әрі ахлақтық жауапкершілігін мойнына алуы тиіс».
Еске салайық, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш кеше наурыздың алтысы, жұма күні Таяу Шығыс бойынша жасалған заңсыз шабуылдарды айыптап, қақтығыс ауқымының бірнеше елге жайылуына байланысты жағдайдың бақылаудан шығып кетуі мүмкін екенін ескертті. Гутерриш, сондай-ақ, бұл қақтығыстар жаһандық экономикаға елеулі қауіп төндіретінін айтты.
Гутерриш былай деді: «Таяу Шығыстағы және одан тыс жерлердегі барлық заңсыз шабуылдар бүкіл аймақтағы бейбіт тұрғындарға ауыр зардап пен зиян келтіруде».
Ол сөзін жалғастырып: «Жағдай барлығының бақылауынан шығып кетуі мүмкін. Соғысты тоқтатып, маңызды дипломатиялық келіссөздерге көшетін уақыт келді», — деген болатын.
















