Иран Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әли Бақери Израильдің палестиналықтарға қарсы қылмыстарын тоқтату мақсатында ислам елдерінің бірлескен іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.
Еуразия Тудейдің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әли Бақери Ауғанстанның уақытша үкіметіндегі Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Амир Хан Муттақимен телефон арқылы екіжақты ынтымақтастық, Газа секторындағы соңғы жағдай және сионистік режимнің қылмыстары туралы сөйлесті.
Әли Бақери Иран Ислам Республикасының Ауғанстанмен әртүрлі салада ынтымақтасуға және ауған халқына көмек көрсетуді жалғастыруға дайын екенін атап өтті.
Бақери Газадағы сионистік режимнің қылмыстарының жалғасуына, Оңтүстік Африканың Гаага сотына режимді сотқа беру жөніндегі заңды бастамасына және әлемнің бірқатар елінің, соның ішінде Латын Америкасы елдерінің сионистік режиммен дипломатиялық қарым-қатынасты үзу жөніндегі әрекеттеріне сілтеме жасап, Израильдің палестиналықтарға қарсы қылмыстарын тоқтату мақсатында режимге қарсы қысым жасау үшін ислам елдерінің ортақ әрекет ету қажеттігін баса айтты.
Амир Хан Муттақи Құрбан айт мерекесімен құттықтап, Тегеран мен Кабулдың әртүрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастық аясы бұрынғыдан да кеңейетініне үміт білдірді.
















