Иранның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігі Батыстың уранды нөлдік байыту саясатын талап ету арқылы келіссөз жүргізбей отырғанын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігі Батыс елдерінің дипломатиялық үдеріске қатысты ұстанымдарын қатаң сынға алған мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеде қысымның диалогқа еш қатысы жоқ екені айтылған. Өкілдік сәрсенбі күні жариялаған мәлімдемесінде кейбір тараптардың ойын ережелерін таңуға тырысуына таңданыс білдіріп: “Израиль режимінің Иранға қарсы әскери әрекеттерін қамтамасыз ету мен үйлестірудегі өздерінің рөлін ашық мойындайтын тараптан дипломатия туралы ақыл-кеңес есту аса таңғаларлық”, -деді.
Иран уранды нөлдік байыту талаптарын, қатаң мерзімдер мен мәжбүрлеу саясатын тіпті дипломатиялық тілде болса да келіссөз ретінде қарастырмайтынын білдірді.
Тегеранның пікірінше, осындай шарттар қарсыластардың мақсаты келісімге қол жеткізу емес, Ислам Республикасының берілуін көздеп отырғанын дәлелдейді. Иранның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігі мәлімдемесінде Иранның ұстанымы күш үстемдігіне емес, заң үстемдігіне негізделетінін атап айтты.

















